«Һибатулла Тарази» медресесі талапкерлерді оқуға қабылдайды

«Һибатулла Тарази» медресесі талапкерлерді оқуға қабылдайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін «Һибатулла Тарази» медресесінде талапкерлерді оқуға қабылдау  емтиханы жүргізілуде.

Сынақтың комиссия құрамында ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуә бөлімінің маманы Медет Курсаков, «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры Данияр Жұмабаев пен «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек мүшелік етуде.

Қазақстанның әр облысынан келген шәкірттер қоғамдық және арнайы пәндерден сынақ тапсырып жатыр.

Бүгінде оқу орнына 36 талапкер ұсыныс білдерген. Ал оқуға қабылданғандар тізімі емтихан қорытындысы бойынша жасалады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз  қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: