Бүгін 3 мекеменің бірігуімен Әлия Молдағұлова атындағы №28 орта мектепте «Мектепке жол» науқаны өтті.
Іс-шараға ұйымдастырушы облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек пен «Қызыл ай» ұйымы, «Республикалық автобақылау инспекциясының» өкілдері қатысты.
Дін маманы қайырымдылық туралы сүбелі сөз сөйлеп, аталған мектептің көпбалалы, жалғыз басты, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына азық-түлік үлестірді.
Науқан барысында 15 отбасыға көмек қолы созылды. Құрбан айт алдында көрсетілген жәрдем үшін ата-аналар шынайы алғыстарын білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.