"Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Бахтияр Амиреев "Байдібек" қайырымдылық қорының шəкірттерімен жүздесіп қайтты.
Бесін намазынан соң өткен жиында дін маманы жат ағымдардың алдын алу мақсатында "Сəлəф сөзінің шығу тарихы", "Жат ағымның зардабы" тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Іс-шараға жалпы 25 шəкірт қатысты. Найб имам көпшіліктің сұрақтары бойынша сызба жасап, түйіткілдің түйінін тарқатты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.