Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Тараз шаһарының жамағаты ақсақал-ғалым Абдулла Жолдаспен жүздесті.
"Һибатулла Тарази" мешітіне келген белгілі ғалым имандылық төңірегінде әсерлі уағыз айтып, ғибратқа толы оқиғалардан мысалдар келтірді.
Дін саласында біраз жыл еңбек сіңірген қариядан жамағаттың алар тәлімі көп. Мешітке жиналған жұртшылық жұма намазынан соң өткен жиында ғалымға көкейкесті сауалдарын жолдап, мол мағұлматтар ала алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.




19 Қаңтар 2026
30 Раджаб 1447

