Жазғы діни білім курсының шәкірттері емтиханнан өтті.

Жазғы діни білім курсының шәкірттері емтиханнан өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы қыздар-әйелдер секторының ұйытқы болуымен жүргізіліп отырған жазғы діни сауат ашу курсының екінші маусымы аяқталар уақыт та таяп тұр.

10 шілдеде басталған ілім курсы бір ай ішінде мектеп жасындағы қыз балаларды оқытып, діни білім мен ұлттық тәрбиені үйретті.

Жазғы демалыстарын құр өткізбей Құран үйреніп, жаттап, араб әріптерін еркін оқи алатын деңгейге жеткен қыздардың алған тәлімдері мол. Ғибадат, мінез-құлық, сенім, пайғамбар (с.ғ.с.) өмір тарихы сынды пәндерден басқа келешегіміздің тұтқасы болар қыздар өмірге қажетті тәртіп пен тәрбиені бойларына сіңдіріп, сабақ барысында бір-бірмен достасып та, қалаға саяхат жасап та үлгерді.

Бүгін қорытынды емтихан жүргізіліп, оқушылар маусым бойы алған білімдерін ортаға салды. Сынақты аталған мешіттің ұстазы Гүлжан Алдасаева бастаған тәрбиешілер тобы қабылдады. 

Ал емтихан қорытындысы мен курстың аяқталу күні туралы алдағы уақытта хабардарлайтын боламыз. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: