Қазіргі таңда дініміздің болашағына іріткі салып, дінді бұрмалап, адамдарды адастыруға әрекет жасап жүргендер көбейіп кеткені мәлім.
Осыған орай, облыстан келген дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Талғат Асанұлы ниеті бұзық, дінімізге зиянын тигізіп жүргендермен қалай күресу, олардың ойлаған мақсаты турасында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Дін маманы сонымен қатар, жамағаттардың тату болуы, ынтымақ-бірлігін сақтау, басшыға бағыну, мешіт имам-молдаларына, мешіттің ішкі тәртібіне құрметпен қарау керектігін түсіндірді.
Алла Тағалаға шүкір, елбасының салихалы саясатының арқасында еліміз тыныш, дініміз аман, діни рәсімдердің ешқайсысында шектеу жоқ. Әр мешітте азан айтылып, намаз оқылып жатқан жайы бар. Күннен күнге елімізде мешіттер ашылып, жамағаттар саны артып, әсіресе жастар жағы көбеюде.
Аудандық «Меркі ата» мешіті