ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы қыздар-әйелдер секторының ұйытқы болуымен "Һибатулла Тарази" мешітінде жазғы сауат ашу курсы жүргізілуде.
Мектеп оқушыларына арналған курстың бірінші маусымы аяқталып, екінші маусымы да басталып кетті.
Аталған маусымда Гүлжан Алдасаева бастаған ұстаздар Құран әліппесі, Құран Кәрім, ғибадат, сенім, пайғамбар (с.ғ.с.) өміржолы, әдеп сынды пәндерден дәріс жүргізеді.
Ал сауат ашу курсына қатысу үшін оқушының туу туралы куәлігі мен ата-ананың өтініш қағазы қажет.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.