«Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы қыздар-әйелдер секторының ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсы жүргізілуде. Аталған курстың 1 маусымы өз мәресіне жетіп, оқушылар қорытынды емтихан тапсырды.
Сынақты сектор жетекшісі, осы мешіттің ұстазы Зейнеп Үсенова мен тәрбиеші ұстаздар қабылдады.
Шәкірттер маусым бойы Құран әліппесі, Құран Кәрім, ғибадат, мінез-құлық, сенім, Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірбаяны пәндері бойынша білім алды. Ал дәрісті Қазақстанның діни оқу орындарынан педагогикалық іс тәжірибеге келген болашақ дінтанушы студенттер жүргізді.
Емтиханды 81 шәкірт тапсырып, олардың 90% өте жақсы деген көрсеткіш көрсетті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.