Мешітте білім алған оқушылар рухани кеш өткізді.

Мешітте білім алған оқушылар рухани кеш өткізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы қыздар-әйелдер секторының ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсының шәкірттері рухани кеш өткізді. Соңғы іс-шара 6 шілде күні жүргізіліп, сектор жетекшісі қыздарды "Астана күні" мерекесімен құттықтап, айтулы күннің ерекшелігіне тоқталып өтті. 

"Жаннат арулары" сынды түрлі тамаша аттармен аталатын 4 топ кезегімен өз тәрбиеші ұстаздарымен бірге рухани азық болар ғибратты тәтті шай жасады. Балалар өз үйренгендерін ортаға салып, Құран мен хадистен сыр шертті. Тәрбиеге, өнеге мен үлгіге толы қойылымдар қойған қыздар діни әндер айтып, қол өнер туындыларын да ортаға салды. Өз өнерлерін төгіп, маусымның қорытынды отырысын да қызықты ете білді.

Оқушылардың ата-аналары мен мешіт қызметкерлері қонақта болып қайтқан жиын әрбіріне қуаныш сыйлады. Болашағымыздың иманды да ибалы болып тәрбиеленіп жатқаны әрбір мұсылман үшін зор мәртебе.

Маусым барысында бірнеше рухани кештермен қатар, дастархандар жайылып, балалар қалаға серуенге шыққан болатын. Құран үйренумен қатар ұлттық тәрбиені де боларына сіңірген балалардың біраз тәртіпке үйренгені көрініп-ақ тұр. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді зиялы қауым өкілі Мұхтар Әуезов.  

«Біздің мақсатымыз – қыздарда діни сауаттылықты, білімді әрі тәрбиені қалыптастыру. Өйткені, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Ал ана тәрбие бастауы, - дейді сектор жетекшісі Зейнеп Үсенова.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: