Мәнді мәселе талқыланды

Мәнді мәселе талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуанышбек Қарғабаев төралқа мүшелерінің басын қосып, мәнді мәселе жайында ой тарқатты. Келелі басқосуда аға буын өкілдері облыстық «Ақ жол» газетінің өткен санында жарық көрген ата-бабадан келе жатқан асыл қасиет қанағатшылдықты ардақтап, ысырапшылықтан аулақ болуға үндеген мақаланы талқылады.

Облыстың барлық ардагерлеріне, мешіт имамдарына, мұсылмандық әдет ғұрыпты ұстанушы барлық азаматтарға қарата облыстың ардагер-ақсақалдары және дін өкілдері атынан жазылған «Қанағат қарын тойғызады, ысырап соңғы малды сойғызады» тақырыбындағы мақала төңірегінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.

«Сын түзелмей, мін түзелмейтінді» негізге алып, дұрыс жолды көрсете отырып, қоғамдық пікір туғызуды көздеген бұл мақалада ысырапшылдық, жаназаның өткізілу тәртібі, қазақ жігіттерінің шолақ балақ, қаракөз қыздардың қара жамылып кеткендігі жайында ашық жазылған.

Бұл жиынға ардагерлерден бөлек, қала мешіттерінің имамдары да қатысты. Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат Үрпеков ҚМДБ ұсынған жаңадан жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітапты таныстырып, оның мазмұнына қысқаша тоқталды.

Жиын соңында төралқа мүшелері мен имамдар мұсылмандық салттаррды атқаруда, әсіресе, фәниден бақиға аттанғандардың қонақасын, қырық күндігі мен жылдық асын өткізу барысында орын алатын келеңсіздіктер туралы, қаралы дастарханды той-думанға айналдырғандардың да көбейіп кеткендігі жайында сөз қозғаған ардагерлер теріс пиғылдарға, асты ысырап етуге тосқауыл қою қажеттігін айтып, оның алдын алуға байланысты өз ұсыныстарын білдірді.

 Шу қалалық «Жәми» мешіті 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: