Аудандық мешіттерде өткен қасиетке толы Қадір түні.

Аудандық мешіттерде өткен қасиетке толы Қадір түні.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы    

Түндердің төресі, мың айдан да қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетіне береке орнайтын Қадір түні – сауаптар еселеніп жазылатын ерекше, қасиетті түн.

      Алла тағала нәсіп етіп биылғы жылы да «Төле би» мешітінің жамағаты қасиетті Рамазан айының қадір түнін өз денгейінде өткізді. Алланың қалауымен, аңсаған жамағаттың дұғасымен, ауданның бас имамы Аят Дыбысұлының ұйымдастыруымен ауданымызда жылдағы дәстүр бойынша қасиетті Құран кітабы басынан аяғына дейін оқылып, хатым түсірілді.

      Хатымды басынан аяғына дейін оқыған арнайы Түркия елінен келген Харун Алай атты қонағымыз жамағатты қасиетті Құран аяттарымен сусындатты.

      Мешітте ауызашар беріліп, тарауих намазынан соң уағыз-насихаттар айтылып, бейнероликтер көрсетіліп, таң намазына дейін сұрақ-жауап сайысы өткізіліп, жеңімпаздарға діни заттар сыйлыққа берілді.

 Халық алдында қари бауырымызға құрмет көрсетіліп, иығына шапан жауып, ақсақалдарымыз өз баталарын берді және де бір ай бойы Хатым құранға қатысқан үлкен аталардың иықтарына шапан жабылып, ал әжелерге орамал сыйға тартылды.

     Сонымен қатар дастарқан жайылып, құран оқылды. Жамағат сәресін ішіп, ниет етіп, таң намаздарын оқып тарасты.

                                          Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

Байзақ ауданы

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде асыға күткен қадір түні жамағат мешітке ағылды. Қадір түнінде аудан бас имамы Рамиз қажы Азизовтың ұйытқы болуымен қызықты ойындар ұйымдастырылды. Жеңіп алушыларға жүлделі сыйлықтар, діни кітаптар, ІІІ оранға  5000 теңге, ІІ орынға 10 000 теңге,  І орынға 20 000 теңгені қоржындарына салды. Сайыста жалпы 20  сұрақ қойылды, онда Алланың 99 көркем есімдерін жатқа айту, фиқһтан дәрет, намаздың парыздары жайлы қозғалған болатын.  

Бас имам Рамиз Азизов пен осы мешіттің  найб имамы Айбек  Каримбаев қадір түнінің нығметтері жайында насихат айтса,  «Қалмұрат баба» мешітінің молдасы Бақытбек Сағымбаев тартымды уағыз айтты.  Жамағат кеш үшін үлкен алғыстарын айтып,  ризашылықтарын білдірді.

 «Байзақ баба» мешіті

Меркі ауданы

Қасиетті Рамазан айының Қадір түні ауданға қарасты елді мекендердегі мешіттерде аталып өтті.

Шам намазынан соң мешіт асханасында ауызашар берілді. Тарауих намазындағы хатым құранның соңғы күні болғандықтан жамағат саны 500-ге жуықтады.

Екі  сағатқа созылған тарауих намазы хатым құранды толығымен аяқтап, қари бауырларымыз құран бағыштап, батасын берді.

Айта кететін жайт, қадір түні кешінде жағдайы төмен отбасына 30 қап 50 кг ұн таратылды.

Тарауих намазы аяқталысымен, жасөспірімдер арасында қыз-ер балалар арасында Құран жарыс өтті. Жеңімпаздарға: 1-орынға микротолқынды пеш, 2-орынға шаңсорғыш, 3-орынға ұялы телефон, 4-орынға электронды шәйнек берілді.

Бағдарламаның үшінші бөлігі діни сұрақ-жауапқа ұласып, толық жауап бергендерге сұрақтың деңгейіне қарай бағалы заттар берілді.

Төртінші бөлігінде жамағат болып өтелмеген қаза намаздарын имамға ұйып өтеді.

Сәресі уақытына таяу қалғанда жамағат жаппай мешіт асханасында 200 адамға дайындалған сәресі дастарханынан дәм татып, таң намазын жамағат болып орындап үйлеріне тарқасты.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: