Ибраһим Гүлшани хазіреттері бір күні шәкірттерімен сұхбаттасып отырған еді. Шәкірттердің бірі былай деп сұрады:
– Ұстазым! Алла Тағаланың рахымдылығымен қабірдегі өлілердің азапта немесе нығмет ішінде екендігін білуге бола ма? Дұға ету арқылы бұлардың азабын тоқтатуға бола ма?
Ибраһим Гүлшани хазіреттері былай деп жауап берді:
– Алла Тағаланың сүйген құлдарының бірі бір қабірге қарағанында қабірдегі адамның азап ішінде болғанын көреді. Арадан біраз уақыт өтіп, тәуәжжуһ етіп, тағы бір қарағанында азаптың тоқтағанын байқайды. Таңданысынан ойға түсіп кетеді. Сол кезде бір дауыс естіледі. «Бұл қабірде жатқан адамның кішкентай баласы бар еді. Анасы ол баланы ілім үйренуге жіберді. Бала «Бисмилләһир рахманир рахим» сөзін үйренгенінде, осы сөздің құрметіне әкесінің азабы тоқтатылды».