Аудан имамы ауызашар берді

Аудан имамы ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Он екі айдың сұлтаны, Қасиетті Рамазан айы мұсылмандар үшін нағыз сауапқа кенелетін қысқа ғана мерзім. Барша үмбеттің асыға күткен Рамазан айы келіп жетіп, жұртшылық ауыз бекітуде. Әдеттегідей, Шу аудандық «Төле би» мешітінде ораза ұстаған жандарға күнделікті ауызашарлар жасалып, тарауих намазында құран хатым түсірілуде.

    Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып, тамақтандырған кісі ораза ұстаған адамның сауабындай сауап  алады» - деген. Аузы берік адамның сауабынан да ешнәрсе кемімейді деген.

   Қасиетті Рамазан айында Алла разылығы үшін  ауданның бас имамы Аят Дыбысұлы өзінің отбасы атынан жиылған жұртшылыққа ауызашар берді.

   Ауызашарға келген жамағат шежіреші Әбдірашид ұлы Мұрат молданың тәрбиелік маңызы өте зор, адам баласының жанына рухани азық болатын, өте мәнді де мағыналы жарапазанын ұйып тыңдады.

   Ауданымыздың найб имамы Талғат Кәрібайұлы күнделікті ауызашарға келіп жүрген жамағатқа Оразаның мән-маңызы жайында және де басқада тақырыптар аясында әсерлі уағыз-насихатын жүргізді.                                              

   Құран айының қуанышымен бір дастарханда бөліскен көпшілік алғыстарын айтып, разылықтарын білдірді.

                                        Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: