Отан қорғаушылармен өткізілген кезекті кездесу

Отан қорғаушылармен өткізілген кезекті кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қалыптасқан әдет бойынша аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы, дінтану магистрі Дәуренбек Жандосұлы әскери қызметкерлермен кезекті кездесу өткізді.

Келелі кездесу ҚР ҚМ Отар 40-шы әскери базасының офицерлер және келісім шарт қызметкерлерімен жалпы 100 әскер мамандарымен өтті. Кездесу Дін, Отан және отбасы құндылықтары тақырыбы аясында болды. Алғашқы сөз дін маманы Д.Жандосұлына берілді. Найб имам өз баяндамасында дін жайлы жалпылама түсінік беріп, Ислам дінінің ел тарихындағы ерекше орнын атап өтіп, салт-дәстүрмен сабақтаса білген ата дін құндылықтарын паш етті.

Жиын барысында  кейінгі кездерде өзекті болып табылған жат ағымдар жайы да қозғалды. Найб имам жат ағымдардың құрбаны болғандардың іс-әрекеттері жайлы, олардың өз қақпандарына түсіру мақсатында  жасалынып жатқан әрекеттеріне тоқталып өтті. Негізгі ерекшеліктерін тізбектеп, теологиялық қателіктерін атап өтті.

Сарбаздар арасында орын алатын суицид тақырыбында кең көлемді уағыз атып, дәлелдерді дінімізбен дәстүріміздің құндылықтарымен ұштастыра білді.  Жиналған азаматтардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

 Әскери база басшылығы дін маманына, кәсіби армияның  рухани болмысына оң әсер ететін осындай жиындарға белсенді қатысқанына алғысын айтып, жиі қонақ болуға шақырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: