Дін мамандары тəжірибе алмасты.

Дін мамандары тəжірибе алмасты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде жат ағым жетегінде жүрген адамдармен жұмыс жасау сапасын арттыру мақсатында дін мамандарының мəжілісі өтті.

Аталған жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев, Тараз қаласының бас имамы Қанат Жұмағұлов, ХҚА және РЖМК мүшесі, Қауырт желі инспекторы, РҺ докторы Шерзод Булатов, Жамбыл облыстық Дін істері басқармасы бөлім бас маманы Самғат Мутанов, аудан имамдары, мешіт ұстаздары, болашақ дін мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Өкіл имам Данияр қары имамдарды келген қонақтармен таныстырып өтіп, бүгінгі бас қосудың маңыздылығына тоқталды. 

Іс-шарада мамандар тəжірибе алмасып, теріс бағыттағылармен күрес, жастарға дұрыс діни тəрбие беру жайттарын ортаға салып, түрлі əдіс-тəсілдерді тілге тиек етті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: