"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Әйелдер, қыздар секторының Жамбыл облысындағы өкілі Зейнеп Үсенованың ұйытқы болуымен апталық уағыз жүргізілуде.
Әйелдер жамағатына арналған әсерлі насихатты осы мешіттің найб имамы Бахтияр Амиреев айтты.
Кәлиманың маңызы, оның мәні турасында түсіндіріп өткен дін маманы қыздардың көкейкесті сауалдарына жауап беріп, екі ауыз сөздің қасиетін ұқтырды.
Уағызға жиналғандар үлкен мағұлмат алып, имандарын қуаттады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.