Өкіл имам «Асыл арна» тікелей эфирінде

Өкіл имам «Асыл арна» тікелей эфирінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Асыл арна» телеарнасы Тараз қаласына арнайы келіп, рамазан айына орай түсірілімдер жасап қайтты.

Бірінші кезекте ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаевтың тікелей эфирден халықты қасиетті ораза айымен құттықтауы көрсетілді. Өкіл имам сонымен қатар діни телеарнаның журналистеріне сұхбат беріп, облыстағы ұлық айдың өту барысы, ұйымдастырылған іс-шаралар легі туралы айтып өтті.

«Рамазан – Құран айы, бұл айтулы мың айдан қайырлы мерекеге арналып облысымыздың 87 мешітінде ауызашар берілуде, сонымен қатар 33 мешітте тарауих намаздарында Құран хатым етілуде,» - дейді Құран айының ерекшелігіне жекелей тоқталған Данияр Әлимұхаммедұлы.

Арна экранынан сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері тарихи «Тарази» триосының жетекшісі Асылхан Шүңіреков пен облыстық «Ақжол» газетінің тілшісі Есет Досалы көрінді.

Асылхан Шүңіреков ЕХРО-2017 байланысты Тараз қаласында өтетін мәдени іс-шаралар мен олардың жүргізілу барысына тоқталса, жергілікті тілші Есет ақын осы Рамазан айына арналған жүрек жарды өлеңін оқыды.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: