Əйелдер жамағаты Құранды хатым етті.

Əйелдер жамағаты Құранды хатым етті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Қыздар, əйелдер секторының Жамбыл облысындағы өкілі Зейнеп Үсенованың ұйытқы болуымен əйелдер арасында Құран хатымы жасалды.

Сауат ашу курсында үйренген Құрандарын толықтай оқып, рамазанда хатым ету əрі оқуды дамыту мақсатында курс шəкірттері мен мешіт жамағаты бас қосқан болатын. Қасиетті кітап күнделікті 2 парадан 15 күнде оқылып, жұма күні хатым дұғасы жасалды.

Жиналған көпшілік жеке-жеке дұға жасап, жүректі тебіренткен сəт еріксіз көзден жас шығарды. Нəзік жандылар жасаған дұға өте əсерлі болып, жиналған қауым рухани тыныс алды. 

Сондай-ақ, əйелдер жамағаты келесі жылғы Құран хатымға асығатындарын жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: