Жамбыл облысындағы діни білім ордасы "Һибатулла Тарази" медресесі бірнеше жылдар бойы шәкірттерді тәрбиелеп келеді. Білімді де білгір мамандарды даярлайтын оқу орны биыл 3-ші түлектерін ұясынан ұшырғалы отыр.
Осыған орай, оқуды тәмәмдаушы 3 курс студенттері Құран, араб тілі, фиқһ пәндері бойынша диплом алды кешенді емтихан тапсырды.
Сынақты комиссия төрағасы "ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау" бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, осы медресенің директоры Данияр қажы Жұмабаев, "Сарыағаш" медресесінің ұстаздары Нұралы Төребеков пен Еркін Қадыров қабылдады.
Бітіруші түлектердің саны 8 болса, оның 4-і қызыл дипломға үміткер. Шәкірттер емтиханды сәтті тапсырып, жақсы деген көрсеткіш көрсетті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.