Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде зағип жандарға арналған ауызашар дастарханы жайылды.
Қасиетті айда мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан ораза тұтып жүрген жандардың рухы асқақ.
Алла үйіне үлкен қуанышпен келген зағиптарға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі өкілі осы мешіттің найб имамы Ержан Аманбаев пен Мешіттің іс басқарушы Халит Қожахметов мешіт атынан арнайы сыйлықтар табыстады.
Дастархан басында əсерлі уағыз айтылып, дұға жасалды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.