Облыстық мешітте хатым дұғасы жасалды (ФОТО)

Облыстық мешітте хатым дұғасы жасалды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Рамазан - қасиетті Құран түскен мүбəрак ай. Бұл ұлық мерекенің құрметіне бір ай бойы жамағатпен тарауих намазы оқылып, құран хатымы жасалды.

Кеше облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде қасиетті кітап толық оқылып бітіп, хатым дұғасы жасалды.
15 күнде 2 парадан түсірілген Құран күндердің сұлтаны жұма күні басталып, жұма күні аяқталды.

Хатымды 16 жасар қари Дулат Қоламқұлов оқыды. Ал дұғаны ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі осы мешіттің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев жасады.

Жүректі тебіренткен құран сүрелері бұқараның көзіне мөлтеңдеп жас үйілтті. Мешітке лық толған көпшілік бірге дұға тілеп, қариялар жас хафызға батасын берді. Сонымен қатар мешіт пен жамағат атынан сыйлықтар тапсырылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: