Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы сауаптар еселеніп, күнәлар кешіріліп, жәннәттың есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылатын қасиетті ай.
Кімде-кім Рамазан айында нәпіл ғибадатын жасаған болса, парызды орындағандай сауапқа ие болады. Рамазан ашты тойдыратын, көңіл күйі жоқ адамды күлдіретін, мұқтаждың жағдайына қарайласатын, байлар кедейлерге үлесін таратып зекетін беретін ай.
Осындай айлардың сұлтаны Рамазан айында Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы тұрмыстық жағдайы төмен 10 отбасыға 10 мың теңегеден ақшалай жәрдем берді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі