Тараз қаласында орналасқан «Әулиеата Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығаратын өнім «халал» рұқсатын алды.
Құс фабрикасына ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев пен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша «Халал өнімдерін стандарттау» білімінің өкілі Нұрмаджан Миразизов барып қайтты.
Дін мамандары өнімнің сапасын көріп, фабрикамен танысты. Ғимараттың техникасы түгел, әрі барлық талаптарға сай. Алдын ала тексеруден өтіп, халал стандартына лайық деп табылған тауық етіне «Халал» сертификаты табысталды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.