ҚМДБ-ның имамдары алдына қойған міндеттерінің бірі – халықтың діни сауаттылығын арттырып, уағыз-насихаттар жүргізу.
Осы мақсатпен кеше тарауық намазының алдында елімізге танымал уағызшы РАНТ мүшесі ұстаз Ризабек Батталұлы Шу қаласындағы «Жәми» мешітінің жамағатымен жүздесті.
Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айының құндылықтарын жеткізіп, ораза үлкен жауапты және сауапты іс екенін айтып, қазіргі таңдағы халықтың мазасын қашырған діни ағымдарды да, тілге тиек етті.
Қасиетті Рамазан айында уақытын бөліп келген Ризабек ұстазға, қаланың бас имамы жамағат атынан алғысын жеткізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы