Он екі айдың сұлтаны болған Қасиетті Рамазан айында сауаптар еселеніп жазылатыны сөзсіз, әсіресе ауыз бекіткен бір кісіге ауызашар беріп ауыз аштырса Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқандай ораза ұстаған адамның сауабындай сауапқа ие болады.
Осы хадиске амал етіп Шу қаласының тұрғындары Рамазан айының әр күнінде Шу қалалық «Жами» мешітінің асханасында 150 адамға жарыса ауызашар беруде.
Мешітке жиналған жамағатқа қаланың бас имамы Қуат қажы Дүйсенбайұлы, найб имам мен ұстаздар тартымды уағыз айтып, ауызашарға келген жамағатқа дінді насихаттауда.
Шу қалалық Жами мешітінің баспасөз қызметі