Қасиетті Рамазан айының кіруімен киелі Қордай жерінде игі істер өз жалғасын тауып, Рамазан айында қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылуда.
«Кенен» ауылдық мешітінің имамы Саят Рахимов ауылдың әулетті азаматтарының басын қосып, өңірдегі асыраушысынан айырылған көп балалы анаға сауынды сиыр мен бұзау сыйлады. Көмек алған отбасының Алла қаласа қасиетті Рамазан айында енді дастарханында сүт, айран және қаймақ үзілмейтін болды. Олардың алғыстары шексіз...
Ал Сарыбұлақ ауылының «Сахаба» мешітінің имамы Серік Рахымбаев тарауих намазын алғашқы күнінен бастап, бір апта бойы үзбей келіп жүрген жамағатқа ислам әдептеріне сай сыйлықтарды сыйлады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі