Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінде ораза айының құрметіне арналған «Рамазан – қайырымдылық айы» науқаны жүргізілді.
Іс-шарада мүгедек, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы, жалғызбасты аналарға азық-түлік таратылды.
Аталған көмекті ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев пен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, осы мешіттің найб имамы Ержан Аманбаев үлестірді.
Қайырымдылық науқанының аясында 15 отбасыға көмек көрсетілгенін айта кетейік.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.