«Дін және тарих» мәселесі сөз болды

«Дін және тарих» мәселесі сөз болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік маңызы бар жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 31 мамыр күні Жамбыл ауданына қарасты Қарой және Полатқосшы ауылдық округтерінде ауыл тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Дін және тарих» атты кездесу өткізілді.

 Кездесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы, дінтанушы Аманбаев Ержан Маханұлы арнайы шақырылып, дін саласында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар ала білді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған діни ұйымдар туралы ақпарат» атты бүктемелер кездесуге қатысушыларға үйлестіріліп берілді.

Кездесуге мектеп мұғалімдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ауыл имамдары және ауыл тұрғындары барлығы 100-ге жуық адам қатысты. Кездесу барысында Ержан Маханұлы дәстірлі емес діни ағымда жүрген адамдардың сыртқы белгілеріне тоқталып өтіп, жастарымызды осы теріс ағымдардың жетегінде кетпес үшін қажетті ақпаратпен бөлісті. Е.Аманбаев сөз сөңында Ислам діні ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің екенін атап өтті. Бүгінгі таңда жастарымыздың теріс ағымның жетегінде кетпес үшін барша қоғам болып көп жұмыс жасау керектігін атап өтті.

Асхат Олжабаев

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы

«Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: