Балаларды қорғау күніне орай, "Рахман Рахим" мешітінің имамы Нурматжан Миразизов және осы мешіттің 80 жастағы ардақты қариясы Болат қажы Рустамбаев №4 мүгедек балалар үйіне барып қайтты.
Имам өз сөзінде осы мекеменің басшысы мен ұжымына алғысын айтып, балаларды қасиетті Рамазан айы мен балалар мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар бүлдіршіндерге мешіт атынан ойыншықтар мен кітаптарды сыйға тартты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.