Қасиетті Рамазан айының құрметіне, әрі Бас мүфти Хазіреттің халыққа үндеуіне байланысты ауданға қарасты мешіттерде қайырымдылық іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Рамазан айының алғашқы күні аудандық «Меркі-ата» мешіті мұқтаждарға көмек қолын созды. Қиын жағдайға тап болған 4 бала тәрбиелеп, өсіріп отырған жалғыз басты ананың жағдайы мәз емес, күнделікті ішіп-жеуге мұқтаж. Осы отбасыға бір айға жететін азық-түлік, 30000 (отыз мың) теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді.
Ал Мың-қазан ауылының 1-ші топтағы мүгедегіне аудан мешітінен 30 000 (отыз мың) теңге бөлініп, үйіне азық-түлік жеткізіліп берілді.
Аталған қайырымдылық іс-шарасы одан ары жалғасып, мұқтаж жандарға әлі де жәрдем көрсетілмек.
Аудандық «Меркі-ата» мешіті