Жастар дін өкілімен жүздесті

Жастар дін өкілімен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«ЖаңаРУ» жастар коалициясның ұйымдастыруымен «Парасат» және «Қайнар» колледжінде «Радикалды діни ағымдарға қарсы иммунитет ұйымдастыру және дәстүрлі-рухани адамгершілік құндылықтарды насихаттау» тақырыбында кездесу өтті.

Аталған іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілдігінен имам Қанат Қуанышбеков қатысып қайтты.

Дін тақырыбы кім-кімді болсын елең еткізбейтіні баршаға мәлім. Сондықтан да жастар дін өкілімен жездескендері үшін қуанып, өздерін мазалаған сауалдарын ортаға салды. Кереғар ағымдардың белгілері мен одан қорғану жолы талқыланды. Имам ұлттық тәрбие мәселесіне тоқталып, діни сауаттылықтың маңызды екенін жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: