Тараз қаласы «Мырқалық қажы» мешітінің молдасы Абдурахим Зайнутдиновтың ұйытқы болуымен және мешіт жамағатының ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне 37 жанұяға қайырымдылық жасалды.
Тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасыларға, жалғыз басты, көп балалы аналарға азық-түлік түрінде көмек берілді.
Әр жанұяға 3-4 кг. тауық еті, 5 кг. макарон, 1-1,5 л ас майы, 5 кг. қант, 5 кг. ұн, 5 кг. күріш , 1 қорап құрма үлестірілді.
Өз кезегінде көмек алушы отбасылар алғысын жеткізді.
«Мырқалық қажы» мешіті