Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде әйелдер жамағатына арналған апталық үгіт-насихат жүргізілді.
Аталған уағызды осы мешіттің найб имамы Ғалымбек Жапек айтты.
Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмір баяны, ахлақы жайы сөз болған жиын көпшілікке үлгі әрі үлкен ғибрат болды.
Нәзік жандылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, имамнан дәйекті жауаптар ала алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.