Он екі айдың сұлтаны Рамазан айында Шу қаласындағы барлық мешіттерде тарауих намаз оқылуда. Сауабы еселеніп жазылатын айда арнайы Рамазанның құрметіне оқылатын тарауық намазына жиналған жамағаттың қарасы жылдағыдан да көп.
Алғашқы күні Жәми мешітінің бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жиналған жамағатты құттықтап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының үндеуін оқып, құттықтауын жеткізді.
Сондай-ақ, тарауық намазында хатым түсіруге арнайы шақыртылған Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Нұрлан Сайтмаматов пен ҚМДБ тарапынан жіберілген Түркиялық Талха Топал қариларды жиналған жамағатпен таныстырып өтті.
Қала мешіттерінде тарауық намазынан бұрын жарты сағат жиналған жамағатқа уағыз-насихат жүргізіліп жатқанын айта кетейік.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі