ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Қыздар, әйелдер секторының өкілі Зейнеп Үсенованың бастамасымен жылдағы дәстүр бойынша әйелдер жамағатымен Құран хатым жасалуда.
Аталған сауапты жиын облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде жүргізілуде. Жасы мен қариясы қосылып Алланың Кәләмін оқып, Рамазан айының құрметіне хатым Құран түсіріп жатыр. Бұл жаматтың татулығы мен ілімге құштарлығының көрінісі.
Нәзік жандылардың күніне 2 пара оқып жатқанын айта кетейік.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.