Астанада «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен «Ислам және өркениет» тақырыбына арналған II Республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХI ғасырдың үздік зияткер имамы» Тұжырымдамасымен, «Ханафи мәзхабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» атты құжаттарымен таныстыру мақсатында Т.Рысқұлов ауданы орталық «Сұлтан» мешітінде ауыл молдаларыменжиналыс жасалды.
Аталмыш мәжілісте Сұлтаншәріп қажы Джадраевқабылданған құжаттар мен үндеудің маңыздылығын тарқатып, мешіт имамдарына түсіндірді. Жиынды пайдалана отырып, дін мамандарыменқасиетті Рамазан айын өткізу жоспарын пысықтап, атқарылатын шараларға байланысты тапсырмалар берілді.
Әбілда МЕЙІРХАНОВ