Тарауих намазы оқылды (ФОТО)

Тарауих намазы оқылды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ел-жұрт сағына күткен ораза айы сауаптардың сарқылмас теңізі. Аталған қасиетті Рамазан айының құрметіне Тараз шаһарының мешіттерінде күнделікті 20 рәкаттан тұратын тарауих намазы басталады. Осы айдың кіруімен облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде күндердің сұлтаны жұма күні биылғы алғашқы тарауих намазы оқылды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев "тарауих" намазы жайлы тілге тиек етіп, Рамазан айының қасиетін сөз етті. Халықты айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Ал тарауих намазын 16 жастағы жас қари Дулат Қолақұлов жүргізді. Жиналған жамағат мешітке лық толды. 

Намаздан соң дүйім жұртты арнайы автобустар 2 бағыт бойынша үйге тегін тасмалдады. Мұндай тегін көліктер рамазан бойы жұмыс жасайтынын естеріңізге сала кейік. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: