Тараз шаһары жаңа мешітпен нұрланды

Тараз шаһары жаңа мешітпен нұрланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін қасиетті жұма күні Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенұлы көшесінде «Әл-фирдауси» мешітінің ашылу салтанаты өтті.

Мешіттің ашылуына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, қала имамдары, жамағат, облыстық дін істер басқарамасы және қалалалық ішкі саясат басқармасының өкілдері келіп қатысты. Сонымен қатар қалалық және облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері де жиында болды. 500-700 адамға арналған құлшылық орнын Тоқтамысовтар әулеті салдырған.

Салтанатта ең бірінші болып сөз бастаған Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл мешіт салудың сауаптылығы жайында уағыз айтып, мешітті тұрғызып, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының қарауына тапсырып берген Тоқтамысовтар әулетіне алғысын білдірді. Ал Сайлау қажы ақсақал дүйім жамағатқа батасын берді.

Көпшілікке мешіт қызметкерлері таныстырылды және жұманың алдындағы уағызды қала имамы Қанат Жұмағұл бастап берді. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев өз сөзінде дүйім жұртты мешіттің ашылуымен құттықтап, Құран Кәрімді сыйға тартып, құлшылық үйі салдырған Тоқтамысовтар әулетіне алғыс хатын табыстады.

Қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: