Имам түлектермен кездесті

Имам түлектермен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Т.Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің ұйымдастыруымен бас имам С.Джадраев 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

    Кездесудің басты мақсаты – оқушыларды мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан сәтте дәстүрлі емес діни ағым жетегінде кетуден қорғау, жастарға дін мен дәстүрге үндескен Ислам дінінің ақиқат дін екенін түсіндіру.

 Дін маманы қазіргі таңда дәстүрлі Ханафи мазхабына жат сәләфизм бағыты туралы, сәләфилік бағытта уағыз таратып жүрген «ұстаздары» туралы ақпарат беріп, жат ағымнан сақ болуға шақырды. Олардың мақсаты исламның атына кір келтіріп, ел арасына іріткі салу екендігін жеткізді.

««Дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаңқ қасіретің» деген жақсы сөз бар. Құран Кәрімнің аяттарын дұрыс тәпсірлеп, имандылық, бауырмалдылық, отансүйгіштік, мейірімділік пен кішіпейілділік жолында қызмет етіп, мұсылман қауымының атын тек жақсы жағынан, ислам дінін ең көркем дін етіп көрсету үшін сөзіміз де, ісіміз де имандылық шеңберінде болса екен» - деп жеткізді бас имам Сұлтаншәріп қажы.

Оқушыларсұрақтарын қойып, тұщымды жауап алып, жалпы дін туралы ақпараттандырғаны үшін үлкен алғыстарын білдірді.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: