Тамшысы мол тасаттық

Тамшысы мол тасаттық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дініне  тән  құндылықтар салт-дәстүріміз, әдет ғұрыптарымыз  бен  наным-сенімдеріміздің  негізіне айнала бастады. Құран аяттарынан бастау алып, Пайғамбарымыздың (С.Ғ) өсиет сөздері болған  хадистер мен ұстанған жолы сүннеттерімен жалғасын тапқан Ханафиттік жолымыз еліміздің ауыз-бірлігін сақтап келеді.

Үлкеннен құрмет, кішіден іззет көруіміздің өзі атадан балаға мұра болып, жалғасып келе жатқан кейбір ғұрыптарымыздың бірі Тасаттық. Осыған орай Тараз қаласында «Айсұлу ана» мешітінде жамағат бірігіп «Көктемде береке тыныштық үшін тасаттық берді. Келелі жиынға мұқтаж жандарды шақырып мешіт ауласында ас таратылды. Тараз қаласының «Аулие ата» мешітінің бас имамы Баймаханов Ораз «Бірлік ынтымақ тыныштық» тақырыбында келген жамағатымызға уағыз айтып алғысын білдірді, сондай-ақ «Абдіқадір» мешітінің имамы Ахметов Айнабек Пайғамбарымыз (С.Ғ) рухына, ата-бабалырмыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштап елімізге ынтымақ береке тыныштық тіледі.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз хатышысы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: