Орталық мешітте БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтті

Орталық мешітте БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа дұрыс діни мәлімет беруде үлкен рөл атқарады. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов: "Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек,» - дейді. Ал бұл ақпарат көзі жұртқа қандай мәлімет берсе, елдің айна-қатесіз дәл солай қабылдары сөзсіз. Осы тұрғыда журналистердің діни сауатты болуы бүгінгі заманының басты талабы.

Елбасының 2017 жылғы жолауында: «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек» деп көрсетілген. Бұл тапсырманы іске асыруда дін мамандары мен БАҚ өкілдері тығыз байланыста болса, жұмыстың нәтижелі болуына септігі тиеді.

Осы мақсатта орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев іс-шараны ашып, алғы сөз сөйледі. Аталған жиында білікті де, білімді имамдар мен ұстаздар тілшілерге сабақ жүргізді. Ақида (сенім) пәнінен «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Нұралы Бақытұлы, фиқһ (ғибадат) пәнінен қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов, ислам тарихы пәні бойынша «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек дәріс оқыды.

Пайғамбар (с.ғ.с.) дәуіріндегі исламның гүлденуі, одан кейінгі кезең мен ағымдардың шығу тарихы, сенімдегі дұрыс және бұрыс тұстар, неке, ажырасу мәселесі кең көлемде түсіндіріліп өтті.

Әлеуметті елдегі жаңалықтармен хабардар етіп отыратын тілшілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, Құран аяттарымен келтірілген дәлелді жауаптар алды.

Шара соңында өкіл имам журналистерге сертификаттар табыстап, жұмыстарының жемісті болуын тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: