Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады.
Осы бір игі амалды әдетке айналдырған ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Қыздар, әйелдер секторы әр аптаның жұмасында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізеді.
Мешіт шәкірттері мен ҚМДБ жастары күндердің сұлтаны болған апталық мерекеде халыққа дәмді тағамдар ұсынып, жиналған қаражатты әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға көмекке жұмсайды.
Сауабы мол жұмадағы бұл амал дәстүрге айналғалы 1 жарым жыл өткенін естеріңізге сала кетейік.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.