Дін мамандары ауыл мешіттерінің жұмысымен танысты

Дін мамандары ауыл мешіттерінің жұмысымен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының бас имамы Аят Дыбысұлының тапсырмасымен ҚМДБ тарапынан және Облыс өкілдігінен келіп түскен хаттарға сәйкес, ауданға қарасты ауылдық мешіттерде имам-молдалардың жұмыс жасау барысын және мешіттің хал-ахуалын анықтау мақсатында, ауданның наиб имамдары Талғат Кәрібайұлы мен Нұрлан Қалиев ауылдарды аралауға аттанды.

Атап айтсақ, ауданға қарасты Белбасар ауылында «Хати Сауранбай» ауылдық мешітінде қасиетті жұма күні ауданның наиб имамы Талғат Кәрібайұлы жұма намазын өткізіп, намаздан кейін мешіт молдасы Данияр Исаковпен аудан тарапынан берілген тапсырмалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Дін маманы мешіттегі оқу бөлмесі, ішкі және сыртқы шаруа қожалығы, ғимараттың тазалығы және тәртібі мен неке шарттарына байланысты баннерлердің мешітте ілінуіне мән берді.

Сонымен қатар ауданға қарасты Абай ауылындағы «Оспанәлі» мешітінде ауданның наиб имамы Нұрлан Қалиев жұма намазын өткізіп, жоғарыда айтылғандай мешіттің жұмыс жағдайымен танысты.

Сондай-ақ, ауданға қарасты Жаңажол ауылындағы «Кунту баба» мешітінде және Қонаев ауылындағы «Қонаев» ауылдық мешітінде аталған іс-шаралар жүргізілді.

Дін мамандары аталған ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысып, қоғамдағы керітартпа ағымдарға байланысты әсерлі уағыз-насихат айтып, әнгіме өрбітті.

Аталған іс-шаралар ауданға қарасты ауылдық мешіттерінде өз жаласын табуда.  

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: