Өкіл имам жас мамандармен кездесті.

Өкіл имам жас мамандармен кездесті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамзаттың ұстазы болған Пайғамбар (с.ғ.с) білім алуға байланысты көптеген хадистер айтып кеткен. Солардың бірі «Білімді бесіктен көрге дейін ізденіңдер» десе, тағы бір хадисте «Білім іздену барлық мұсылманға парыз» деген.

Білім – өмір бойы жалғаса беретін, таусылмайтын кен секілді. Сол біліммен сусындап, болашақтың сауатын ашатын дін мамадарын дайындайтын еліміздегі ЖОО-дың бірі «Нұр-Мүбарак» Мысыр мәдениеті университеті.

Аталған оқу орнында болашақ жас мамандармен кездесу өтті. Жиынға ҚМДБ-ның әр облыстағы өкілдері қатысты.

Биылғы университет түлектерімен кездесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Даняир қажы Жұмабаев пен «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Асхат Акмамбетов барып қайтты.

Жас мамандарды жұмыспен қамту мақсатында өкіл имам түлектердің ой-пікірімен, мұрат-мақсаттарымен танысып, өкілдікке жұмысқа шақырды.

Бүгінгі таңда аталған Жоғары оқу орнында Жамбыл өңірінен 12 шәкірт білім алуда. Ал былтыр 2016 жылы 10 студент диплом алса, 2015 жылы 12 түлек оқу бітірді. Олардың 13-і дін саласында қызмет етуде, басқалары біліктілігін арттыру мақсатында білімін жалғастырып жатқанын айта кетсек.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: