Қордай ауданында қызмет атқарып жатқан имам-молдалар осы тоқсандағы атқарылған іс-шараларды қорытындылау, алдағы бағыт-бағдарды анықтау мақсатында кезекті жиналыста бас қосты.
Жиынға аудан имамы Д.Қасымалиев төрағалық етті. Дастан Жақсымбетұлы дін қызметкерлерінің имам деген жоғары атаққа сай қызмет атқаруы, ҚМДБ тарапынан келген тапсырмаларлы сапалы және уақытылы орындауы жөніндегі мәселелерді көтерді.
Мамандар ауыл имамдарының қарамағындағы мешіттерде өткізілген уағыз-насихат жұмыстары бойынша және қайырымдылық науқандарын орындау барысында ҚМДБ бекіткен киім үлгісін сақтау туралы ескертулер алды.
Наиб имам Д.Жандосұлы мешіттердің салық басқармасы, т.б с.с мемлекеттік мекемелер алдында есептерді уақытылы тапсыру, мешіттердің мемлекет қазынасы алдында берешектерін болдырмау мәселесін сөз етті.
Көктемгі абаттандыру жұмыстарын уақытылы қолға алу мәселесі де тілге тиек болып, «Көрікті мешіт 2017» байқауына дайындық жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі