ҚМДБ Жамбыл облыстық Қыздар, әйелдер секторының ұйымдастыруымен «Һибатулла Тарази» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Күндердің сұлтаны жұма намазынан кейін жасалған іс-шарада мешіт шәкірттері түрлі дәмді тағамдар дайындап, мешітке келген жұртшылыққа ұсынды. Аталған науқан әр апта сайын жүргізіліп отыратынын айта кетейік.
Ал жәрмеңкеден жиналған қаражатқа көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға азық-түлік алынды.
Жамбыл облыстық Қыздар, әйелдер секторының өкілі Зейнеп Үсенова, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Гүлжан Алдасаева мен мешіт есепшісі Ұлбосын Оразбаева 7 отбасының үйіне көмекті жеткізіп, ет үлестіріп қайтты.
Қайырымдылық жәрдемін алған жанұялар алғыстарын айтып, қуаныштарын жасыра алмады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі