«Brаnd House» сауда дүкені медресе шәкірттеріне сый жасады

«Brаnd House» сауда дүкені медресе шәкірттеріне сый жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қасас» сүресінің 84-аятында: «Кім бір жақсылық істесе, оған одан да артық жақсылық бар», - деп Алла Тағала жақсылыққа жұмсалған әр нәрсенің орнын басқа жақсы нәрсемен толтыратындығын және жомарттық танытқан кісіге қарымын қайтарып қана қоймай оған тағы істеген жақсылығын арттырып беретіндігін айтып уәде еткені мұсылман жұртқа аян.

Бұл турасында «Кең болсаң – кем болмайсың» дейді дана халқымыз. Осындай жомарт жандардың бірі «Атакент» базарында орналасқан «Brаnd House» сауда дүкенінің иесі Қалдияр Бақытжанұлы «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттеріне есігін айқара ашты.

Діни білім алып, Алланың Кәләмін жаттап жүрген шәкірттер қалаған киімдерін таңдап алысты. Ал таңдалған киімнің барлығы тігін берілгенін айта кетейік.  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: