«Құлбай баба» мешітінде 200 адамға арналған дастархан жайлып, ұлтты ұйыстырған Наурыз мерекесі аталып өтті.
Мерекеге қалалық мешіттің бас имам Канат Жұмағұлов пен «Айсұлу» мешітінің имамы Қанат Қуанышбаев катысып қайтты.
Дін мамандары уағыз айтып, халықты ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Ал ауыл ақсақалы П.Сыргадиев мырза бата берді.
Мұндай іс-шараны мешіт имамы Талғат Сматов 10 жылдан бері атқаруға мұрындық болып келетінін айта кетейік.
«Құлбай баба» мешіті