Әйелдер жамағаты кезекті уағызға жиналды

Әйелдер жамағаты кезекті уағызға жиналды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ Жамбыл облыстық Қыздар, әйелдер секторының ұйымдастыруымен ай сайын атқарылып отыратын әйелдер жамағатына арналған жоспарлы уағыз өтті.

Аталған насихатты «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев жүргізді.

Ақиданың шығу тарихы, ахида ілімінің қалыптасу кезеңдері мен «сәләф» сөзіне түсінік тақырыптарын қамтыған іс-шара нәзік жандыларға мол мағұлмат берді. Дін маманы қоғамның түйіткіліне айналған мәселелерді тізіп, оның дұрыс-бұрыстығына жеке-жеке тоқталып өтті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: