Ережеп айының құрметіне ауызашар берілді

Ережеп айының құрметіне ауызашар берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының рухани жүрегі «Һибатулла Тарази» мешітінде қасиетті ережеп айының құрметіне ауызашар берілді.

Пайғамбарымыздан: Ережеп – Алланың айы, шағбан – менің айым, Рамазан – үмметімнің айы, – деген хабар бар. Сондықтан, бұл айлардың қадірін біліп, Алланы көбірек еске алуға, біліп-білмей істеген қателерімізге кешірім сұрауға, тәубе етуге, уақытты пайдалы өткізуге асығу керек.

Осы айда нәпіл оразасын ұстаған жандарға арнап жайылған ауызашар дастарханы ережеп айының бірінші жұмасына қараған түн рағайыб түніне де тұспа-тұс келіп отыр.

Ақшам уақытында мешітте бас қосқан жамағатқа ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев  қасиетті 3 айдың маңыздылығы туралы тілге тиек етті. 

Ал қалалық "Кеңесхан қажы" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов жақсылыққа асығу, нәпіл құлшылықтардың сауабы жайлы әсерлі уағыз айтты. Ал ақсақалдар бата беріп, халық үшін дұға жасады.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: